Қазақстан-Қытай шекарасындағы шектеулер алынды

Қазақстан-Қытай шекарасындағы шектеулер алынды
Сурет: Egemen.kz

2023 жылдың алғашқы аптасынан бастап карантиндік шаралар жойылды.

Ресми Бейжің пандемияға дейінгі формат бойынша автокөлік жүргізушілері мен жолаушыларды қабылдауға ниетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Ол үшін бар болғаны 48 сағат ішінде тапсырылған ПТР-тесттің нәтижесі жеткілікті. Бұрын Қытай тарапы белгілеген автокөлік құралдарының сипаттамаларына қойылатын талаптар да енді алынды.