Алматы қаласында көркем фильм түсіріледі

Алматы қаласында  көркем фильм түсіріледі
svet-mayakov.ru

Түсірілім кезінде түтін, қатты шыққан дауыстар болуы әбден мүмкін.

Құрметті Алматы тұрғындары!

9 қаңтардан және ақпан айының басына дейін Алматы қаласында түрлі ашық жерлерде көркем фильм түсіріледі, түсірілім кезінде түтін, пиротехникалық құралдарды қолдану, қатты шыққан дауыстар және басқа да көріністердің болуы әбден мүмкін. Кейде адамдар көп жиналатын түсірілімдер де болады.

Түсірілім тобы түсірілім басталардан бірнеше күн бұрын жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын хабардар етуге, сондай-ақ ақпараттық белгілерді тікелей орындарда пайдалануға міндеттенді.

Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан түсірілім процесіне түсіністікпен қарауды сұраймыз.