Алматыда Орталық Азия елдерінің VIII халықаралық театр фестивалі өтеді

Алматыда Орталық Азия елдерінің VIII халықаралық театр фестивалі өтеді
Сурет: Ашық дереккөзі

Фестиваль 1-7 қараша аралығында өтеді

М.Әуезов атындағы  Қазақ ұлттық драма театрында жазушы-драматург Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған Орталық Азия елдерінің VIII халықаралық театр фестивалі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Фестиваль құрылтайшысы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет Комитеті болып табылады. Мақсаты – Орталық Азия елдері мен түркітілдес мемлекеттердің  театр өнері саласындағы ынтымақтастығы мен достық байланыстарын нығайтып,  театр өнерінің  көркемдік көкжиегін кеңейту,  ізденістерді қолдау, шығармашылық идеялар алмасу, Орталық Азия театрларының біртұтас кеңістігін жасауға бет бұру. Фестивальға Қазақстан, Татарстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан театрлары қатысып, өнер көрсетеді. 

Баспасөз мәжілісіне Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетінің төрағасы Р.Кәрібжанова, Фестивальдің қазылар алқасының төрағасы Қазақстанның Еңбек Ері А.Әшімов және Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Е.Жуасбек қатысады.  

1-7 қараша аралығында өтетін Орталық Азия елдерінің VIII Халықаралық театр фестивалінің репертуары:

- 1 қараша сағат 17.00-де Баспасөз мәжілісі;
- 1 қараша сағат 17.30-да Фестивальдің ресми ашылуы;
- Сағат 18.30-да «Қарагөз» трагедиясы (Қазақстан);
- 2 қараша сағат 11.00-де «На заре» пластикалық спектаклі (Татарстан);
- Сағат 18.30-да «Хазина» романтикалық комедиясы (Өзбекстан);
- 3 қараша сағат 11.00-де «Топон» драмасы (Қырғызстан); 
- Сағат 18.30-да «Мармеладовтор» трагифарсы (Қырғызстан);
- 4 қараша сағат 11.00-де «Мы – Клоун» феерия-макабры (Әзірбайжан);
- 4 қараша сағат 18.30-да «Дон Кихот»  трагикомедиясы (Қазақстан);
- 5 қараша сағат 11.00-де «Летающий лекарь» комедиясы (Тәжікстан);
- 5 қараша сағат 18.30-да «Шағала» трагедиясы» (Қазақстан);
- 6 қараша сағат 11.00-де «Лютый» драма-вестерні (Қазақстан);
- 6 қараша сағат 18.30-да «Қан мен тер. Ақбала» драмасы (Қазақстан);
- 7 қараша сағат 11.00-де «Мәшһүр Гален» трагифарсы (Қазақстан);
- 7 қараша сағат 18.00-де фестивальдің ресми жабылуы. 

Сонымен қатар, фестиваль аясында отандық сценографтардың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Қазақстан сценографтары»  көрмесі және тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған  қазақстандық (алматылық) жеке театрлар мен мәдени алаңдардың шығармашылығындағы үздік спектакльдердің көрсетілімі  – қазақстандық SHOWCASE ұсынылады.