Алматы полицейлері мотокөлікпен жүреді

Алматы полицейлері мотокөлікпен жүреді
Polisia.kz.

Алматы полицейлері жаңа мотокөлік алды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Polisia.kz сілтеме жасап.

Патрульдік полицияға және жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонына 20 “КТМ” мотоциклдері берілді. Олар көліктер көп кезде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, кептелісті реттеуге және жол-көлік оқиғасы болған жерлерге жедел жетуге арналған. Полицияда жеке құрамның алдын ала автокөлікті басқаруға үйретілгенін атап өтті.

Бұл мотоциклдер, тәртіп сақшыларының пікірінше, мобильді болуға мүмкіндік береді, оқиға болған жерге жетуді тездетеді және шаһар жолдарындағы жағдайдың жақсаруына ықпал етеді.