Студенттерді жатақханаға кіргізу тәртібі қандай болады?

Студенттерді жатақханаға кіргізу тәртібі қандай болады?
www.vku.edu.kz

Жатақханаларда дезинфекция жүргізуге ерекше назар аударылған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Орталық коммуникациялар қызметінде жаңа оқу жылында университет студенттерін жатақханаға кіргізу тәртібіне қатысты сұрақ қойылды.

«Жатақханаларға арналған талаптар бар. Соның ішінде оларда Ashyq жобасын пайдалануға болады. Вакцина алған студенттерге басымдық беріледі. Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиологиялық ережеге байланысты осы жатақханалардың ішінде тиісті іс-шаралар жүргізілуі керек. Яғни дезинфекция жүргізуге ерекше назар аударылған. Студенттердің арасында індет жұқтырғандарды анықтау, оларды оқшаулау тәртібі күшейтілді», - деді А. Ғиният.