Маңғыстауда сұйытылған газды өндірудің өзіндік құны тоннасына 100 мың теңге - министр

Маңғыстауда сұйытылған газды өндірудің өзіндік құны тоннасына 100 мың теңге - министр
Cурет: Inbusiness.kz

Қазақстандағы сұйытылған мұнай газының бағасы өңірдегі ең төмен баға

ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев сұйытылған мұнай газын өндірудің өзіндік құны туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Энергетика министрі Маңғыстау облысындағы газ бағасына қатысты түсініктеме берді.

«Жергілікті тұтынушыларды қолдау үшін газдың бағасы реттелді және тоннасына 38 мың теңге деңгейінде белгіленді. Яғни экспорт бағасынан 5-6 есе төмен. Бұл ретте «Қазақ газ өңдеу зауытында» өзіндік құны тоннасына шамамен 100 мың теңгені құрайды. Қазақстандағы сұйытылған мұнай газының бағасы өңірдегі ең төмен баға. Сәйкесінше, төмен деңгейдегі баға газ өндірісін ұлғайтуды ынталандырмайды. 2020 жылы ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамту үшін 1,4 млн тонна мұйытылған мұнай газы өндірілді. 2021жылы ішкі нарықтағы тұтыну 1,6 млн тоннаға дейін өсті. Бұл ретте газ өндірісі өсіп жатқан жоқ. Ал тозығы жеткен зауыттардың жиі жөнделуі жалпы өндірістің төмендеуіне әкеп соғуда», - деді министр.