Алматы өз қаһарманын іздеуде!

Алматы өз қаһарманын іздеуде!
Сурет: Vecher.kz

Алматылықтар назарына!

Еліміздің ең ірі мегаполисі Алматының 2 млн-ға жуық тұрғыны ортақ үйіміз- әсем қаламыздың көркеюіне өзіндік үлесін қосуда. Таңмен таласып аула сыпырушы көшелерді тазаласа, күнделікті біз баратын оқу орнында, емханада, жұмыста сізді ардақты ұстаз, ақ халатты абзал жандар, әріптестер қарсы алады. Барлығы да қоғам үшін аянбай еңбек етуде.

Ал біз олардың еңбегін елеп, бағалаймыз ба? Олар болса алаңсыз, марапат пен мадақсыз-ақ, өз ісін жалғастырып келеді.

Ендеше, алматылықтар бірігіп, өз қаһармандарымызды табайық! Әр алматылық сүйікті қаламыздың ажырамас бөлігі, бағалы тұрғыны.

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Жобалық кеңсесі мегаполистің дамуына үлес қосып жүрген тұлғалардың танылуын арттыру мақсатында «Алматы тұлғалары» байқауын жариялайды.

Байқау 2022 жылдың 16 қыркүйегі мен 10 қазаны аралығында сырттай өткізіліп, онда Алматы қаласында тұратын 18 жастан асқан кез келген адам бақ сынай алады.

Сайысқа қатысу үшін не істеу керек?

  1. Кейіпкер туралы шағын бейне-ролик түсіріңіз, алған әсеріңізбен бөлісіңіз немесе кейіпкер (тұлға) толық сипатталған сурет жіберіңіз.
  2. Бейнероликті YouTube сайтына (https://www.youtube.com/channel/UCwq61pfzyfrRcEI_xRrOF9g/channels) орналастырыңыз немесе Almaty.tulgalary@gmail.com поштасына «Алматы тұлғалары» белгісімен жіберіңіз.

Сондай-ақ, дайын жұмыстарды Instagram желісінде – Almaty_tulgalary; Tik Tok - Almaty_tulgalary хэштегімен; Facebook - https://www.facebook.com/almaty_tulgalary-100127016197420 жариялауға болады.

Видео мен фотодағы мәтінде балағат сөздер мен үшінші тарап ресурстарына сілтемелер болмауы керек, бір адам бір ғана конкурстық жұмыс ұсына алады. Бейнежазбаның ұзақтығы 20 (жиырма) секундтан кем емес және 40 секундтан аспауы тиіс, сонымен қатар сурет 720 dрi кем емес сапамен көлденең түрде берілуі керек.

Бейне шолу конкурс үшін арнайы жасалуы тиіс, басқа авторлардың жұмысын, соның ішінде авторлық құқықпен қорғалған аудиовизуалды туындыларын көшіруге тыйым салынады. Әрбір жұмыста № 1 қосымшаға сәйкес: жұмыстың аты, қатысушының аты-жөні көрсетілуі керек.

Байқау қорытындысы 2022 жылдың 15 қазанында әлеуметтік желілер мен «Алматы» телеарнасында шығарылып, жарияланады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен дипломға ие болады. Байқау талаптарына сай келетін жұмыстардың барлығы сайт пен YouTube арнасында жарияланады, ал ең қызықтылары әлеуметтік желілерге салынады.