Алматы-Өскемен тасжолында көлік апаты болып, 6 адам ауруханаға жеткізілді

Алматы-Өскемен тасжолында көлік апаты болып, 6 адам ауруханаға жеткізілді
сурет: polisia.kz

Жарақаттанғандардың біреуі - кәмелетке толмаған бала.

Жол-көлік оқиғасы Жетісу облысы Көксу ауданында тіркелді. Алматы - Өскемен тасжолының 203-шақырымында Toyota Gracia автокөлігі мен Mercedes-Benz эвакуаторы соқтығысты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  polisia.kz сілтеме жасап.

Оқиға орнынан аудандық ауруханаға алты адам медициналық тексеруге жеткізілді. Олардың бірі – кәмелетке толмаған бала.

Жүргізушілердің қайсысы жол апатына себеп болғаны тергеу барысында анықталмақ. Оқиға орнында патрульдік полиция мен анықтаушылар жұмыс істеді.