«Халықтың бюджетке қатысуы» жобасы аясында Медеу ауданына 800 млн теңге бөлінді

«Халықтың бюджетке қатысуы» жобасы аясында Медеу ауданына 800 млн теңге бөлінді
Сурет: Еgemen.kz

Медеу ауданы тұрғындарының 110 өтінімінің ішінен 20 жоба іріктелді, олардың ішіндегі ең ірісі – Тіксай өзенінің жағалауын абаттандыру бойынша ұсынылған үш жоба.

Қоғамдық кеңістікті абаттандыру аясында жыл соңына дейін екі скверді Оқушылар сарайы мен Орталық мемлекеттік мұражайдың жанындағы қайта құру жұмыстары аяқталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Шілде айында Алатау шағынауданындағы Ибрагимов көшесі бойындағы сквер мен «Журналистер» саябағының және гүлзардың ЖСҚ-на сараптама алу күтілуде. Жұмыстар осы жылдың соңында басталмақ.

Қыркүйек айында Үлкен Алматы каналын қайта құру бойынша ЖСҚ-ға сараптама қорытындысын алу жоспарланып отыр.

Шілде айында Есентай өзенінің су бөлгіштен Жамақаев көшесіне дейінгі (1,2 км) су қорғау белдеуі учаскесі бойынша жұмыстар және Алматы хайуанаттар бағындағы тазарту құрылыстарын пайдалана отырып, тоғандарды абаттандыру аяқталады.