Алматы-Өскемен тас жолының екі бөлігі жабылды

Алматы-Өскемен тас жолының екі бөлігі жабылды
сурет:aikyn.kz

Қарлы боран салдарынан барлық көлік түрлеріне шектеу қойылды.

Боран мен жол бойындағы көрінудің төмендеуіне байланысты «Алматы-Өскемен» тасжолының екі бөлігінде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz «ҚазАвтоЖолдың»  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай өңірі бойынша Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасына дейін және ШҚО бойынша Абай өңірінің шекарасынан Қасым-Қайсенов ауылына дейінгі аралықтар жабық.