Алматы облысында жол апатынан жүргізуші қаза тапты

Алматы облысында жол апатынан жүргізуші қаза тапты
Сурет: Ашық дереккөзі

Жеңіл көлік автобуспен соқтығысқан

Алматы облысында жеңіл көлік пен автобус соғылып, салдарынан көлік жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 23 тамызда сағат 05:40 шамасында Алматы-Бішкек тасжолының 92 шақырымында болған.

«Лада» көлігінің 33 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, автобуспен соқтығысқан. Жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты», - делінген ПД хабарламасында.

Автобус жүргізушісі Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі кезде аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабында көзделген сотқа дейінгі тергеу басталды.