Досаев 26 тамызда Алмалы ауданының тұрғындарымен кездеседі

Досаев 26 тамызда Алмалы ауданының тұрғындарымен кездеседі
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаев 26 тамызда Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

2022 жылдың 26 тамызында сағат 9.00-де Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуі Мұратбаев көшесі, 200, Құрманғазы көшесінің қиылысындағы мекенжайда орналасқан Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық және әлем тілдері университетінде өтеді. https://go.2gis.com/fis6c

Кездесуді онлайн режимде «Алматы» телеарнасының Youtube парақшасында және Алмалы әкімдігінің Facebook парақшасында көруге болады:

1. https://www.youtube.com/c/AlmatyUS 

2. https://www.facebook.com/almalyaudany/

Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында кездесу барысында маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау ұсынылады. Сондай-ақ, бөлмелерде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады.