Жапония туристері Байқоңырдан ғарышқа аттанбақ

Жапония туристері Байқоңырдан ғарышқа аттанбақ
Cурет: Ашық дереккөз

Туристер Халықаралық ғарыш станциясына 12 тәулікте жетеді

«Союз МС-20» кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 2021 жылғы 8 желтоқсанда ұшады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап.

Ғарышқа аттанатын команда құрамында жапониялық кәсіпкер Юсаку Маэзава және оның көмекшісі Йозо Хирано бар. Экспедиция командирі ресейлік ғарышкер Александр Мисуркин.

Роскосмос ақпараты бойынша, Жапонияның азаматтары ғарыш туристері ретінде барады. Олар Ғарышкерлерді даярлау орталығында маусым айында жаттығып, дайындалып келеді.

Байқоңырдан аттанатын ұшақ Халықаралық ғарыш станциясына 12 тәулікте жетеді.