Алматы облысында жалған доллар сатылды

Алматы облысында жалған доллар сатылды
Сурет: ашық дереккөз
Алматы облысында жалған доллар сатқан екі адам ұсталды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Олар 100 долларлық жалған купюраны 15 мың теңгеден өткізіп жүрген.
"Кезекті жалған ақшаны өткізу барысында күдікті тұлғалар ұсталып, жүргізілген тінту барысында 6,5 мың АҚШ доллары анықталды", - дейді депаратменті мамандары.
Қазіргі кезде екеуі де қамауға алынды. Айта кетері, осы қылмыс үшін бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамдардың мүлкі тәркіленеді.