Алматы облысында контейнер ұрлаған күдікті ұсталды

Алматы облысында контейнер ұрлаған күдікті ұсталды
Сурет: интернеттен

Жәбірленушіге келтірілген шығын бір миллион теңгені құрады.

Алматы облысында 40 тонналық контейнерді ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Іле ауданының полиция қызметкерлері Ащыбұлақ ауылында үйдің ауласынан 40 тонналық контейнер ұрлаған күдіктіні әшкереледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

«Жедел іздестіру жұмыстары барысында Іле АПБ қызметкерлері Алматы қаласының 37 жастағы тұрғынын анықтап, тез арада ұстады. Полицияға жеткізілгеннен кейін, ұсталған адам өз кінәсін мойындап, аталған қылмысты қалай жасағанын түсіндірді. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді Іле АПБ бастығы Марат Күштібаев.

Жәбірленушіге келтірілген шығын бір миллион теңгені құрады. Айта кетейік, тәжірибелі тәртіп сақшыларына кінәліні әшкерелеу үшін бір күн ғана қажет болды.