Әлихан Смайылов Алматы облысына келеді

Әлихан Смайылов Алматы облысына келеді
Сурет: Іnform.kz

Премьер-Министр бірнеше өндіріс орындарына бармақ.

Бүгін ҚР Премьер-Министрі өңірдегі жағдаймен танысу және жергілікті жердегі өзекті мәселелерді талқылау үшін жұмыс сапарымен Алматы облысына келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Атап айтқанда, Үкімет басшысы бірқатар аграрлық және өнеркәсіптік кәсіпорында болып, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесу өткізеді, Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының құрылысы мен қалалық қазандық жұмысын тексереді.

Бұдан басқа, Әлихан Смайыловқа облыс орталығын одан әрі дамыту, «G4 City» жобасын іске асыру, сондай-ақ жаңа тұрғын үй салу жоспарлары ұсынылатын болады.