Алматы облысында ҚАЖ қызметкерлері Көрісу күнін атап өтті

Алматы облысында ҚАЖ қызметкерлері Көрісу күнін атап өтті
Сурет: Polisia.kz

Алматы облысының ҚАЖД қызметкерлері Көрісу күнінде игі іске үлес қосты

Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты Іле аудандық пробация қызметкерлері Көрісу мерекесін қайырымдылықпен атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

ҚАЖ қызметкерлері мереке қарсаңында пробация есебінде тұрған жағдайы төмен сотталғандардың мекенжайларын аралап, көрісіп, ең қажетті азық-түлік жиналған себеттерін ұсынды.

«Көрісу күніне орай ұйымдастырылған бұл шара – ҚАЖ қызметкерлерінің қайырымдылық шарасы. Бұл әлеуметтік түрғыдан жағдайы төмен және аз қамтылған көп балалы сотталғандардың отбасыларына қолдау көрсетуге бағытталған», – деп атап өтті өңірлік ҚАЖД бастығының орынбасары Жаныбек Қосжанов.