Алматы облысында «Қарадала шайқасы» сахналанды

Алматы облысында «Қарадала шайқасы» сахналанды
Сурет: 24.kz

Алматы облысы Шонжы ауылында әйгілі «Қарадала шайқасының» сахналық қойылымы өтті.

Бұл шара қасіретті «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» 300 жылдығына орай ұйымдастырылды. 

  Қойылымды тамашалауға 2 мыңнан астам халық жиналды. Голливудқа танылған  «Kazakh Union Action Team» каскадерлік тобы мен еліміздің белгілі киноактерлері қатысып, барлығы 100-ге жуық адам тарихи оқиғаны көрермен назарына ұсынды. Қойылым 5 түрлі көріністен тұрды. Жоңғар шапқыншылығы мен сол кездегі қазақ ауылдарының тұрмыс-тіршілігін көрсетті. Сонымен қатар халық «Бауырсақ патиге» қатысып, ұлттық тағамдардан ауыз тиді. Зергерлер  мен қолөнершілер шеберлік дәрісін өткізді. Мәдени іс-шара аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті. 

«Өткенін еске алған – өскендіктің белгісі, өткенін ұмытқан – өшкендіктің белгісі» деген мақал бар. Сол бүгінгі көріністе еліміздің тәуелсіз елдің өскенін көрсетіп отыр. Өйткені өткен тарихты бүгінгі өмірмен сабақтастырып, байланыстырып көрсетіп отыр», - деді  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылы Осман.