Байден виртуалды кездесуге қатысады

Байден  виртуалды кездесуге қатысады
Сурет: Rbc.ru

АҚШ президенті Джо Байден 16 шілдеде өтетін Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) елдері басшыларының виртуалды кездесуіне қатысады.

Бұл туралы сәрсенбіде, 14 шілдеде, Ақ үйдің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Iz.ru-ға сілтеме жасап.

«Жұма күні, 16 шілдеде, Президент Джо Байден ATЭС-тің виртуалды отырысына қатысады, онда лидерлер пандемияны тоқтату және жаһандық экономикалық қалпына келтіруді қолдау мәселелерін талқылайтын болады. Президенттің қатысуы АҚШ-тың Үнді және Тынық мұхиттарындағы көшбасшылығын, сондай-ақ Президенттің көпжақты институттарға деген адалдығын көрсетеді», - делінген хабарламада.