Алматы облысында 4 адамнан құралған қылмыстық топ ұсталды

Алматы облысында 4 адамнан құралған қылмыстық топ ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Алматы облысында қылмыстық топ ұсталды.

Облыс аумағында бірнеше ай бойы түрлі ұрлық түрлерімен айналысқан күдіктілер Қарасай ауданында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Фигуранттардың қылмыстық әрекеттері арнайы және жедел іс-шаралардың нәтижелерімен расталды. Топтың құрамында 32, 27, 20 және 17 жастағы төрт ер адам болған. Қазір олардың 20-дан астам ұрлық фактісіне қатысы бар екені анықталды. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Аталған факті бойынша Қарасай ауданының ПБ тергеушілеріне тапсырылған сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта ұрланған мүлікті өткізу нүктелерін белгілеу бойынша тексеру шаралары жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша тергеу барысын ведомство басшылығы бақылауға алды.