Алдағы күндері оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар жауады

Алдағы күндері оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар жауады
Сурет: Unian.net

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады. 

«Қазгидромет» мамандары алдағы күндері ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Республиканың басым бөлігіндегі ауа райына солтүстік-батыс антициклоны әсер етеді. Сонымен бірге жауын-шашынның қысқа мерзімге тоқтауы және температураның төмендеуі күтіледі. Кезеңнің соңында фронтальды ағындардың өтуімен бірге республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады, солтүстікте қар, ал оңтүстік пен батыста жаңбыр мен қар жауады», - делінген хабарламада.

Республика бойынша желдің 15-23 м/с дейін күшеюі, көктайғақ, тұман болса, солтүстік, шығыс, орталықта бұрқасын күтіледі. Түнде солтүстікте, шығыста, орталықта ауаның температурасы 8-22 градусқа дейін төмендейді.