Алматы облысы әкімдігінің қызметкері қайтыс болды

Алматы облысы әкімдігінің қызметкері қайтыс болды
Сурет: ашық дереккөз

Алматы облысының тұрғыны Асы жайлауында өткен мерекелік шарадан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 маусымда Еңбекшіқазақ ауданында жыл сайынғы дәстүрлі Agro-Business Forum Assy-2023 форумы өткен.

Іс-шара аяқталғаннан кейін форумға қатысушылардың бірі өзін нашар сезінген. Тауда кезекшілікте болған фельдшерлер оған шұғыл медициналық көмек көрсеткен, алайда ер адам есіне келместен қайтыс болған,-деп жазды BAQ.KZ.

Алматы облысының әкімдігі марқұм Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман болып жұмыс істегенін хабарлады. Сол күні ол мерекелік шараға демалушы ретінде барған.

Асы үстірті – теңіз деңгейінен 2800 метрден астам биіктікте орналасқан жайлау.

Әкімдік осы жайт қызметкердің халінің нашарлауына себеп болуы мүмкін деп болжап отыр.

Әріптестің қазасы – ұжым үшін орны толмас қайғы. Марқұмның отбасына материалдық көмек көрсетіледі, - Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі