Алматы - Куала-Лумпур тікелей рейсі 2024 жылдың наурыз айында ашылады

Алматы - Куала-Лумпур тікелей рейсі 2024 жылдың наурыз айында ашылады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда шетелдік туристер ағынының деңгейіне әсер ететін факторлардың бірі қолданыстағы әуе қатынасының саны болып табылады. Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова атап өткендей, бүгінде мегаполис әлемнің 82 елімен 42 тікелей бағыт пен визасыз режиммен байланысты. Наурыз айында Алматы мен Куала-Лумпур тікелей әуе қатынасын ашу жоспарлануда. 

Сондай-ақ, оның айтуынша,  бізге келу туризмін дамытудың негізгі факторларының бірі ағымдағы жылдың маусым айында Алматы қаласы халықаралық әуежайының жаңа терминалының құрылысын аяқтау болып табылады. Әуежайдың жалпы өткізу қабілеті жылына 14 млн. жолаушы. Осылайша, 2024 жылы шетелдік туристер саны 520 мың адамға жетеді деп болжануда.