10 мыңға жуық қазақстандық банкрот деп танылды

10 мыңға жуық қазақстандық банкрот деп танылды
Сурет: интернеттен

Бұлар енді бес жылға дейін банктен кредит ала алмайды.

Қазақстанда 10 мыңға жуық азаматтың кредиті кешірілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Осы мақсатқа шамамен 20 миллиард теңгедей қаржы жұмсалды. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, жеке тұлғалардан 86 мың өтініш келіп түскен. Оның жартысынан көбі мақұлданбапты. Себебі, бұл азаматтардың берешегін кешіктіріп төлеу мерзімі 12 айдан аспаған.

Банкпен несие рәсімдеген құжатын да жоғалтып сергелдеңге түскені бар. Ал енді не өзінде, не отбасы мүшелерінде тіркеуде мүлкі бардың өтініші о бастан мақұлданбаған.

«Жеке тұлғаларды банкрот деп тану туралы» заң былтырдан бастап күшіне енген. Бұл санатқа кіргендер бес жылға дейін банктен кредит ала алмайды. Сондай-ақ оның қаржы ахуалына үш жыл бойы бақылау жүргізіледі. Жеті жыл ішінде өзін қайтадан банкрот деп жариялай алмайды.

«9871 қазақстандықтың несиесі кешірілді. Соның ішінде, 944 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Бұл азаматтардың енді қаржы сауатын арттыру үшін жұмыс істейміз», - деді Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының  орынбасары Қайрат Миятов.