Алматы қаласында жылу желілеріне сынақ өткізіледі

Алматы қаласында жылу желілеріне сынақ өткізіледі
Сурет: ашық дереккөз

2023 жылғы 27 сәуір мен 14 мамыр аралығында Алматы қаласының сегіз ауданының аумағында жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізілетін болады,-деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Магистральдық және тарату құбырларын тексеру кезінде – күн сайын таңғы 4-тен 7-ге дейін – қала тұрғындары мен мегаполис қонақтарына сақтық шараларын сақтауға кеңес береді.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына қарамастан, штаттан тыс жағдайлар жоққа шығарылмайды: судың жол бетіне шығуы, жол жамылғысының ішінара бұзылуы, т.б. Мұндай жағдайларда ешқандай дербес әрекет жасамаңыз, оқиға орнынан дереу кетіп, ол туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-на 378-06-48, 378-06-62 (тікелей нөмір), call-орталыққа мына 341-07-00 немесе 341-07-77 (қосымша 1011 немесе 1014) телефондар арқылы, сондай-ақ 109 хабарлаңыз.

 Жылу желілеріне сынақ өткізу кестесі:

 

27 және 28 сәуір

 Жетісу ауданы: Айнабұлақ-1, Айнабұлақ-2, Айнабұлақ-3, Айнабұлақ-4, Көкмайса шағын аудандары; Ангарская-Мақатаева-Палладина-Павлодар.

 Алмалы және Жетісу аудандары: Райымбек-Бродский-Рысқұлов-Сейфуллин; Ботаническая көшесі бойынша; Абылай хан-Бөгенбай батыр-Мұратбаев-Мақатаев-Сейфуллин-Тобаяқов.

 Әуезов ауданы: Ұлықбек - Жандосов – Сайын-Яссауи.

27 сәуірден 14 мамырға дейін

 Бостандық ауданы: Асқаров-Мирас ықшам ауданы – «Алматы» шипажайы – Сайын - Әл-Фараби – Қазақфильм ықшам ауданы – Рысқұлбеков-Каблукова-Басенов– Өтепов-Розыбақиев-Жароков – Алмагүл ықшам ауданы – Ходжанов  -ҚазҰУ-Тимирязев-Ганди-Назарбаев; Лисянский-Розыбақиев-Жароков - Эксперименттік база-Ходжанов-Әл-Фараби-Алмагүл ықшам ауданы; Орбита ықшам ауданы – Сайын-Рысқұлбеков-Розыбақиев-Үлкен Алматы өзені-Өтепов-Жароков-Басенов;

 Медеу ауданы: Тайманов-Чайкина-Достық-Меңдіқұлов - Әл-Фараби – Жолдасбеков-Достық-Байжанов-ІІМ шипажайы.

 28 сәуір

Жетісу және Турксіб аудандары: Құлагер ықшам ауданы; Серіков  – Ратушный көшелері; Рысқұлов – Жансүгіров – Тихий – Глазунов.

Алатау ауданы: Мөңке би – Момышұлы – Райымбек – Оңғарсынова.

 28 сәуір мен 2 мамыр

Алмалы және Медеу аудандары: Сейфуллин – Тобаяқов – Назарбаев –Мәметова – Уәлиханов – Әйтеке би.

 2 мен 3 мамыр

Алатау ауданы: Мөңке би – Момышұлы – Оңғарсынова –Зерделі ықшам ауданы.

Алмалы, Жетісу және Медеу аудандары: Сейфуллин – Рысқұлов – Жангелдин – Райымбек – Куратов – Гоголь;

Алмалы ауданы:  Қарасай батыр – Гайдар – Райымбек – Масанчи;

Әуезов ауданы: Ұлықбек – Рысқұлбеков – Сайын – Үлкен Алматы өзені.

 

3 мен 4 мамыр

Алатау ауданы: Аққайнар кенті – Мамбетов – БАК-тың оңтүстік жағы.

Алмалы, Бостандық және Медеу аудандары: Гоголь – Курганская – Сәтпаев – Чайковский.

 

4 мен 5 мамыр

Наурызбай ауданы: Райымбек – Жүнісов – Абай – Алтын орда;

Алатау ауданы: Райымбек – Отрар – Рысқұлов – Н.Данченко;

Алмалы ауданы: Шөкин – Қарасай батыр – Емцов – Райымбек.

Алмалы және Әуезов аудандары: Төле би – Рысқұлов – Яссауи – Гайдар;

Алмалы және Бостандық аудандары: Әйтеке би – Панфилов – Шевченко – Желтоқсан – Сәтпаев – Байтұрсынов;

5 мамыр

Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Қожамқұлов – Тимирязев – Розыбақиев;

Әуезов ауданы: Төле би – Райымбек - Яссауи – Емцов.

 

10 мен 11 мамыр

Алмалы жәнеи Бостандық аудандары: Қабанбай батыр – Айманов – Жандосов – Варламов; Панфилов – Абай – Желтоқсан – Тимирязев – Гоголь – Есентай өзені.

 11 мен 12 мамыр

Наурызбай ауданы: Проектируемая – Айтбаев – Райымбек – Алтын Алаш.

Алмалы, Әуезов және Бостандық аудандары: Төле би – Сәтпаев – Әшімов – Гайдар.

 12 мамыр

Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Байзақов – Тимирязев – Өтепов – Розыбақиев.

 Аталған аумақтардың контурында тұратын барлық тұтынушыларға ыстық сумен жабдықтау толығымен сақталатын болады. Гидравликалық сынақтар қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау шеңберінде жылу желілерінің, олардың жабдықтарының жай-күйін тексеру және құбырлардың мәселелік учаскелерін анықтау үшін жүргізіледі. Сынақтар туралы қосымша ақпарат Кәсіпорынның alts.kz ресми сайтында орналастырылады.

  «Алматы жылу жүйесі» ЖШС