Алматы қаласы Туризм басқармасы қалалық мәслихаттың іс қимылға қатысты шешімінің екі жобасын ұсынды

Алматы қаласы Туризм басқармасы қалалық мәслихаттың іс қимылға қатысты шешімінің екі жобасын ұсынды
Сурет: Aлматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгінгі таңда Алматыда қала мәслихатының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 50 шешімімен бекітілген шетелдіктер үшін 0,5 АЕК немесе 1 846 теңге мөлшерінде туристік жарна мөлшерлемесі қолданылады.

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі бекітетін шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидалары туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту үшін негіз болып табылады.

2023 жылғы 17 қаңтардан бастап (Алматы қаласында туристік жарна енгізілген күннен бастап) 2024 жылғы 1 ақпанға дейін Алматы қаласының жергілікті бюджетіне 650,4 млн. теңге түсті.

Ағымдағы жылдың 9 қаңтарынан бастап ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 347 бұйрығымен бекітілген шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу ережесіне өзгерістер заңды күшіне енді, оған сәйкес туристік жарнаның мөлшері Қазақстанның бүкіл аумағында нөл теңге ретінде бекітілген.

Осыған байланысты, Алматы қаласының туризм басқармасы "Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 50 "Алматы қаласындағы шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін нөл теңге көлемінде бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы " Алматы қаласы мәслихатының шешімінің жобасын әзірледі.

НҚА енгізу регламентіне сәйкес Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің, «Атамекен» ҰКП және «Ғайрат Сапарғалиев атындағы мемлекет және құқық ғылыми-зерттеу институты» ЖШС сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама бөлігінде оң қорытындылар алынды.

Биылғы жылдың 9-24 қаңтар аралығында жоба  НҚА ашық  порталында жария талқылау рәсімінен өтті, түсініктеме мен ұсыныстар түскен жоқ.

Бүгінгі таңда шетелдік туристер арасында біздің қала кеңінен танымал. Мәселен, 2023 жылдың тоғыз айында Алматыға 409 мыңнан астам адам келді, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштен 51,5% - ға артық. Осылайша, мегаполис шетелдік туристерді қабылдайтын Қазақстан қалалары арасында көшбасшы болды.

Осыған байланысты, Алматыда туристік жарнаны жою қаланың туристік индустриясын дамыту үшін маңызды қадам болып табылады. Алматы халықаралық туристер үшін тартымды әрі бұл оның мәртебесін арттырады. Ағымдағы жылы шетелдік туристер саны 520 мың адамға, ал 2030 жылға қарай 1 млн. адамға дейін өседі деп жоспарлануда.

Бұл жоба Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді және нормативтік құқықтық актілерге қойылатын талаптарға жауап береді.

Құрметті депутаттар, сіздерден осы шешім жобасын қарауды және бекітуді сұраймын.