Алматы қаласы Шагабутдинов көшесінің екі учаскесі бойынша жол жабылады

Алматы қаласы Шагабутдинов көшесінің екі учаскесі бойынша жол жабылады
Сурет: ашық дереккөз

21 шілде мен 4 тамыз аралығында Алматы қаласының Алмалы ауданында Шагабутдинов көшесі бойымен Мақатаев көшесінен Гоголь көшесіне дейін автокөлік қозғалысы жабылады. Аталған көшелердегі қозғалыс екі жаққа да жабылады.

21 шілде мен 11 тамыз аралығында Шагабутдинов көшесі бойымен Әйтеке би көшесінен Гоголь көшесіне дейін көлік қозғалысы жабылады. Аталған көше бойымен қозғалыс шығыс бағытымен бір бағытта жабылады.

Аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астында өтетін құбырдың ағымдағы жоспарлы жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.

Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз.

 «Алматы жылу жүйесі» ЖШС