Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы тағайындалды
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы лауазымына Талғат Малыбаев тағайындалды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Талғат Малыбаев 1987 жылы 20 желтоқсанда Қарағанды облысында туған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Көлік» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы Қарағандыдағы «Агро-Консалтинг-К» АҚ Стратегия және бюджеттік жоспарлау департаментінің маманы ретінде бастады.

Әр жылдары құрылыс компанияларында жұмыс істеді, сондай-ақ Алматы қаласының «Алматы жылу желілері» ЖШС-де, Алматы облысының «Жетісу» ӘКК ҰК АҚ-да басшылық қызметтер атқарды.     

Тағайындалғанға дейін «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ ТКШ қызметтерінің сапасын арттырудың базалық бағытын іске асыру тобының басшысы болып жұмыс істеді.