Қалада үнді штамы табылды деген қауіп анықталды

Қалада үнді штамы табылды деген қауіп анықталды
Сурет: 24.kz

Толық геномдық зерттеу үшін қосымша уақыт қажет.


Алматыда коронавирустың үнді штамы табылды деген қауіп анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлім етті. 


«Алдын ала деректер бойынша, оның қала бойынша айналым ықтималдығы анықталды. Толық геномдық зерттеу үшін қосымша уақыт қажет», - деді Сәдуақас Байғабылов. 

Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елордада коронавирустың үнді штамы анықталғанын айтқан болатын. 
Министрдің айтуынша, бұл мутацияны жұқтырғандарға буындар мен іштің қатты ауруы, есту қабілетін жоғалту сынды қосымша симптомдар тән болып отыр.