Берері мол жоба

Берері мол жоба almaty-akshamy.kz

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Future English Online Teacher Community Program» пилоттық жобасы шеңберінде баспасөз-конференциясы ұйымдастырылды.


Айта кетейік, «Future English Online Teacher Community Program» – «Өрлеу» Басқармасының Британдық Кеңес халықаралық ұйымымен ынтымақтастық аясында ағылшын тілі мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін арттыру мақсатында өмірге келген пилоттық жоба. Соның ішіндегі курстарға Алматы қаласынан 50-ден астам мұғалім қатысып, кәсіби біліктіліктерін шыңдауға кіріскен болатын. Жоба нәтижесінде мұғалімдердің пәндік және әдістемелік құзыреттіліктері артып қана қоймай, олар әріптестерімен өзара сындарлы жұмыс тәжірибесімен алмасу, жаңа идеялар мен өзекті тақырыптарды талқылау, бірлескен зерттеу жобаларына қатысу мүмкіндігіне ие болады.


Алматы қаласы бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы Петрова Лариса Борисовна мұғалімдерді даярлаудағы халықаралық ынтымақтастықтың артықшылықтарын атап өтті. Ал №200 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі мұғалімі Ишанғалиева Айгүл Мақсотқызы Халықаралық жоба бойынша зерттеу жұмысының ерекшеліктеріне тоқталды.


Іс-шара соңында Алматы қаласынан «Future English Online Teacher Community Program» жобасы бойынша курсқа қатысушы мұғалімдер пилоттық жоба аясында көкейтесті сұрақтарға жауап алып, пікір алмасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:11

12:07

11:49

11:40

11:25

11:24

10:57

10:49

10:44

09:43

09:26

09:18

08:50

08:21

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53