Алматы қалалық сот ғимаратынан бомба табылған жоқ

Алматы қалалық сот ғимаратынан бомба табылған жоқ
Сурет: Inform.kz

Алматыда «бомба қойылды» деген сот ғимаратын қаланың шұғыл жедел қызметтері тексеріп шықты.

Нәтижиесінде ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Қазбек би көшесінде орналасқан сот ғимаратындағы тексеру жұмыстары аяқталды. Ол жерден жарылғыш зат табылған жоқ. Қазіргі уақытта экстремизге қарсы іс-қимыл басқармасы жалған ақпарат таратушыны іздестіріп жатыр. Оған қатысты шара қолданылатын болады», - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бұған дейін Алматы қалалық сот ғимаратынан судьялар мен қызметкерлердің эвакуацияланып жатқаны туралы жазған болатынбыз .