Алматы аудандарының әкімдері көпбалалы аналармен 8 кездесу өткізді

Алматы аудандарының әкімдері  көпбалалы аналармен 8 кездесу өткізді
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Алматы қаласының әкімі бекіткен кестеге сәйкес, 2023 жылдың мамыр айында аудан әкімдері көпбалалы аналармен 8 кездесу өткізді

Кездесуге барлығы 119 көпбалалы отбасы келді. Олардың айтқан 121 мәселесі өз шешімін тапты. Оның 77-і бойынша түсініктемелер берілді, кездесулерден кейін 33 мәселе пысықталды, тағы 11-і жұмыс жүруде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Негізгі мәселелер

  • тұрғын үй алу (кезекке қою) – 26 (21%);
  • білім беру (балаларды мектептер мен балабақшаларға, секциялар мен үйірмелерге орналастыру, мектеп формасы,) - 30 (25%);
  • денсаулық сақтау – 15 (12%);
  • әлеуметтік жәрдемақылар (АӘК, азық-түлік жинақтары) – 17 (14%);
  • ТКШ және абаттандыру (газды қосу, сумен жабдықтау және су бұру) - 7 (6%);
  • жұмысқа орналасу және бизнес гранттары-8 (7%);
  • Басқалары – 18 (15%).

Қала әкімдігі 2023 жылғы маусымға аудан әкімдерінің қаланың көпбалалы аналарымен кездесулерінің тиісті кестесін бекітті.

Еске салсақ, бұған дейін аудан тұрғындарымен кездесулер барысында көптеген өтініштерге байланысты Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан әкімдерінің көпбалалы аналармен ай сайынғы кездесулерін ұйымдастыруды тапсырған болатын.

 

Аудан әкімдерінің 2023 жылғы маусым айында қаланың көпбалалы аналарымен кездесулерінің

КЕСТЕСІ

 

Өтетін күні

Өтетін уақыты

Өтетін орны

Алатау ауданы

14.06.2023 ж.

сағ.11.00

Алатау ауданы әкімінің аппараты

(Жанқожа батыр, 26)

Алмалы ауданы

27.06.2023 ж.

сағ. 10.00

«Бақытты отбасы» орталығы

(Наурызбай батыр, 106 А)

Әуезов ауданы

16.06.2023 ж.

сағ. 10.00 .

Әуезов ауданы әкімінің аппараты

(Алтынсарин даңғ., 23)

Бостандық ауданы

21.06.2023ж.

сағ 10.00 .

№63 мектептің акт залы (Шмелев, 88; Ә.Кекілбайұлы көшесінің қилысы)

Жетісу ауданы

09.06.2023 ж.

сағ. 15.00

«Бақытты отбасы» орталығы

(Жансүгіров, 65)

Медеу ауданы

15.06.2023 ж.

сағ. 10.00 .

№172 мектеп-гимназия

(Думан ш/а,

Қарашаш,15үй)

Наурызбай ауданы

07.06.2023 ж.

сағ. 10.00 .

 

Наурызбай ауданы әкімінің аппараты

ұғыла ш/а, 347)

Түрксіб ауданы

23.06.2023 ж.

сағ. 10.00.

«Бақытты отбасы» орталығы

(Р.Зорге, 9)