Олимпиада алауы Токиоға жетті

Олимпиада алауы Токиоға жетті
Сурет: Thetimes.co

Олимпиада ойындары 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді, деп жоспарланған.

Олимпиада алауының эстафетасын тапсыру рәсімі жұма күні Токиода өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Interfax.ru сайтына сілтеме жасап.

«Комадзава» олимпиадалық саябағында арнайы шақырылған жүз қонақтың қатысуымен Токио әкімі Юрико Коике Олимпиада шамын  алды.

Бір күн бұрын Коике жанкүйерлердің ойындарға баруына тыйым салынғанына ренжігенін жеткізген болатын. Алайда ұйымдастырушылар мұндай қадамға Жапонияда коронавирустық инфекция мен ауру санының артуына байланысты барғанын түсіндірген.

Бұған дейін Жапония билігі  COVID-19 таралуына байланысты 12 шілде мен 22 тамыз аралығында жарияланған төтенше жағдайға байланысты жазғы Олимпиада ойындарына көрермендерді жібермеу туралы шешім қабылдаған болатын.  

Олимпиадаға арналған жарыстардың көп бөлігі Токиода өтеді, алайда жарыстардың кей түрлері  Жапония астанасынан тыс жерлерде ұйымдастырылады. Көрермендердің қауіпсіздігіне арналған шараларға қатысты шешімді Ойын ұйымдастырушылары жергілікті билік өкілдерімен жүргізген келіссөздерден кейін қабылдайтын болады.