Алматы әуежайында жалған құжатпен жүрген Тәжікстан азаматтары ұсталды

Алматы әуежайында жалған құжатпен жүрген Тәжікстан азаматтары ұсталды
Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі

Қазір олар тергеліп жатыр.

ҰҚК Шекара қызметі шетел азаматтарының жалған құжаттарды пайдалану деректерін анықтауды әлі жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ведомство өкілдері 22 ақпанда Алматы қаласының халықаралық әуежайында және Павлодар облысының «Шарбақты» өткізу пунктінде Тәжікстан Республикасының 6 азаматы ұсталғанын мәлімдеді.

- Төлқұжаттық бақылауды іске асыру барысында аталған азаматтардан ҚР аумағында уақытша болуға рұқсат беру туралы жалған анықтамалар және Шекара қызметінің шекарадан өтті деген жалған мөр басылған төлқұжаттары анықталды, - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, бұған дейін қос азаматтығы бар 140-қа жуық адамның Қазақстаннан шығарылғанын жазған болатынбыз.