Түркияның Хатай провинциясында тағы жер сілкінді

Түркияның Хатай провинциясында тағы жер сілкінді
Сурет: Ria.ru

Қуаты 5 баллдық дүмпу ошағы 9 шақырымнан аса тереңдікте тіркелген.

Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, бұл зілзаладан зардап шеккендер жоқ. Түркияда 6 ақпанда болған қуатты жер сілкінісінің салдарымен күрес жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ақпанның 20-да Сириямен шекарада қуаты 6,4 балдық тағы бір дүмпу болған еді. Соңғы мәліметтерге сай, Түркиядағы жойқын апаттан қаза тапқандар саны 43 мыңнан асқан. Апатты аймақтардан 448 мың адам көшірілді. Зілзала кезінде құлаған үйлерді салуда құрылыс ережелері сақталмағаны анықталды. 564 адам бұл іске қатысты күдікке алынып, олардың 160-сы ұсталды.