Алматы әкімі муралдармен болған жағдайға түсініктеме берді

Алматы әкімі муралдармен болған жағдайға түсініктеме берді
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Алмалы ауданы тұрғындарымен кездескен қала әкімі Е.Досаевқа аудандағы муралдарға қатысты сауал жолданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.    

- Мурал төңірегіндегі дауға байланысты қаланың келбеті жеке компаниялардың шешімдерінен зардап шекпеуі үшін тәуелсіз көркемдік сараптама жасауға бола ма? - деп сауал жолдады. 

- Муралдарға қатысты мәселе, егер оларға ресми мәртебе берілмесе, шешілмейді. Қазіргі уақытта Алматының дизайн-кодын әзірлеу аяқталуда, онда муралдар бөлініп, жарнаманы орналастыруға және өзгерістерге байланысты мәселелер қала құрылысы және урбанистика басқармасымен келісілуі тиіс. Өкінішке орай, Coca-cola жарнамасына қатысты мәселе ЖПБ салдарынан орын алған, өкілдер өзара шартқа қол қойып, қосымша 1,5-2 млн теңге алады, ал компания үйдің  қабырғасына жарнама орналастырып, оны "ол біздікі" деп хабарлаған. Расында да бүгінде муралдармен не істеуге болатыны туралы нақты ережелер жоқ. Қалада әртүрлі муралдар бар: қорғалуы керек көркем шығармалар, бірақ бір уақытта әртүрлі себептермен пайда болғандар бар. Олар қаланы безендірмейді. Біз аудандар бойынша муралдардың тізімін жасаймыз және анықтаймыз. Муралдарды заңдастыру қажет. Біздің қаладағы ғимараттардың бос сұр қабырғалары өмірге толы болуы үшін біз суретшілермен жұмыс жасаймыз. Мен бұған көмектесуге  дайынмын, - деп жауап берді шаһар басшысы Ерболат Досаев.