Маунтинбайктан Қазақстан құрамасы Испаниядан төрт медальмен оралды

Маунтинбайктан Қазақстан құрамасы Испаниядан төрт медальмен оралды
Сурет: Astanafans.com

Олар топ жарды.

Маунтинбайктан Қазақстан құрамасы Испанияда XCM Fortuna 2022 жарысына қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап.

Жарыс нәтижесі бойынша Темірлан Мұхамедиянов элита санатында ерлер арасында үздік болса, Алина Сарқұлова әйелдер элитасында топ жарды. 

Денис Сергиенко андер бойынша жеңімпаз атанса, дәл осы санатта Егор Карасаев күміс жүлдеге ие болды.