ЕАЭО еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құрады

ЕАЭО еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құрады
Сурет: Inbusiness.kz

2023 жылы жұмысын бастайды 

25-26 тамызда Чолпон-Атада өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын (ЕСК) құру туралы келісім бойынша жұмыстардың аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ЕСК өзара және сыртқы сауданы ынталандыруға, сондай-ақ ЕАЭО аумағында сақтандыру әлеуетін және кәсіби тәуекелдерді басқаруды арттыру арқылы бірлескен ынтымақтастық жобаларын іске асыруға арналған халықаралық қаржы ұйымы мәртебесін алады.
Компания Одақ мемлекеттері мен үшінші елдердегі іскерлік және саяси тәуекелдерден экспорттық несиелер мен инвестицияларды қайта сақтандыратын ұлттық сақтандыру агенттіктерінің қызметін жоғары деңгейде толықтыратын болады.
EСK жарғылық капиталы мүше мемлекеттердің жарналары есебінен құрылады және 15 миллиард ресей рублін құрайды. Әлеуетті сақтандыру сыйымдылығы –2 млрд АҚШ долларына дейін.
ЕСК 2023 жылы жұмысын бастайды және ЕАЭО-ға мүше емес басқа мемлекеттер мен халықаралық қаржы ұйымдарының кіруі үшін ашық болады деп жоспарланып отыр.