Украинада эпидахуал ушықты

Украинада эпидахуал ушықты
Сурет: 24.kz

Елде жансақтау бөлімдеріне түскен науқастардың саны күн өткен сайын артып барады

Украинаның Каховка қаласында дәрігерлер қатарынан 42 сағат ауруханада тынымсыз екбек етуде. Осы аптада тәулігіне 838 адам коронавирустан көз жұмып антирекорд орнады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Елдің денсаулық сақтау министрлігі ауыр халде жатқандардың 96 проценті коронавирусқа қарсы вакцина қабылдамағанын хабарлайды. Жалпы Укринада әлі күнге дейін егілмеген халықтың қарасы қалың. Ел президенті Владимир Зеленский украиналықтарды  вакцина салдыруға ынталандыру үшін әр егілген тұрғынға сыйақы ретінде 1 мың гривен төлеуді уәде етті. Бұл шамамен 16 300 теңге. Бұл аймақтағы орташа жалақының 5 проценті. Бүгінде Украинада Pfizer-BioNTech, Moderna, AstraZeneca мен Sinovac препараттары қолжетімді. Десе де, 41 млн халықтың тек 21 проценті ғана толық егілген деп есептеледі.

«Науқастардың өлімі бізді есеңгіретіп тастайды. Кейбіреулер психикалық ауытқуға ұшырап жатады. Дәрігерлердің шашы ағара бастады. Жағдайды қабылдау өте қиын. Робот емеспіз, адам болғаннан кейін біз де күйзелеміз», - деді анестезиолог-реаниматолог Александр Молчанов.