Алматы әкімі Бостандық ауданындағы медициналық-санитарлық көмек қызметін жақсарту жолдары туралы айтты

Алматы әкімі Бостандық ауданындағы медициналық-санитарлық көмек қызметін жақсарту жолдары туралы айтты
Сурет: Almaty-akshamy

Болашақта ауданда емханалар саны артады.

Жыл соңына дейін Алматының Бостандық ауданында «Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының» жаңа корпусының құрылысы аяқталады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен болған кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Әкімнің айтуынша, «Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының» төрт қабатты жаңа корпусын заманауи қабылдау бөлмесі, реанимация, операциялық және нейрохирургия бөлімшесі мен толық жабдықталған зертхана болады.

Қала әкімі Ерболат Досаев Алматының Бостандық ауданының тұрғындарына аудандағы медициналық-санитарлық көмекті қалай дамытатынын айтты.

Оның сөзіне жүгінсек, аталмыш ауданда 7 жеке меншік емхана бар, онда 53,5 мың тұрғын тіркелген (әрбір жеке меншік емханаға 2-ден 10 мың адамға дейін). Әл-Фараби даңғылының оңтүстігіне қарай 2 отбасылық-дәрігерлік амбулатория орналасқан, олар 26 мың адамға қызмет көрсетеді. Сондықтан, барлық жүктеме мемлекеттік емханаларға түседі. 

«Әл-Фараби даңғылынан жоғары тұратын халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету үшін біз 500 келушіге арналған емхана құрылысына жеке меншіктен жер учаскесін сатып алу үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз. 15 мамырға дейін емхана салынатын жерді анықтаймыз және жылдың соңына дейін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді қала әкімі.

Аудандағы 3 мемлекеттік емханада орын жоқ, бұл қызмет көрсету сапасына, кезектілікке кері әсер етеді. 

Анықтама үшін: №4 емханада есепте тұрғандар саны - 88 860,               № 12 емханада - 63 545, № 17 емханада – 83 301. 7 емханада – 53 200. 

Жалпы, Бостандық ауданының тұрғындарына мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін 28 медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Қала қарамағында 10 стационар және 4 емхана бар, оларға 286 мың халық тіркелген.