Алматы мектептерінде 19 мыңнан аса балаға орын жетпейді

Алматы мектептерінде 19 мыңнан аса балаға орын жетпейді Сурет: 24.kz

Бұл көрсеткіштің 3 300-і Бостандық ауданына тиесілі болып тұр.


Қала басшысының айтуынша, әзірге орын тапшылығы азаймайды, бірақ бұл мәселе әзірленіп жатқан 2022-2024 жылдарға арналған Алматы қаласын дамыту жоспары арқылы шешілуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бүгінгі таңда Алматы мектептеріндегі орын тапшылығы 19 мыңнан асады (19 611 орын), оның 3 300-і - Бостандық ауданында. Алматы балабақшаларына 1-6 жас аралығындағы кезек 41 200 орынды құрайды, оның 2400-і – Бостандық ауданында.


Бұл ретте Бостандық ауданында осы жылдың 1 сәуірінде 60 мектеп (34 мемлекеттік және 26 жеке меншік) және 75 балабақша (30 мемлекеттік және 45 жеке меншік) жұмыс істейді. 



«Қазіргі таңда мемлекеттік жер қорында әлеуметтік инфрақұрылымды, сондай-ақ демалу орындары мен қоғамдық кеңістіктерді салу және кеңейту үшін бос жер учаскелері жоқ екенін айтуға мәжбүрмін. Осы жағдайды ескере отырып, біз бұл проблемаларды тек құрылыс салу немесе кеңейту немесе ғимараттар мен жер учаскелерін жеке меншік иелерінен сатып алу арқылы шешетін боламыз», - деді Досаев.



Ол үшін әкімдік қазіргі 1 320 орынды мектептерге  5 қосымша құрылыс салуда, соның ішінде күнтізбелік жылдың соңына дейін 1020 орындық 4 жапсаржай (№125,146, 191 мектептер және №9 арнаулы интернат) пайдалануға беріледі. № 65 мектепке 300 орынды 1 жапсаржай 2023 жылдың 3-ші тоқсанында беріледі.


Сондай-ақ, біз қазір жеке меншік колледжге тиесілі №94 мектеп ғимаратының бір бөлігін сатып алуымыз қажет, бұл қосымша 600 оқушы орнын қамтамасыз етеді.


Бұл ретте ауданда оқу жылының басында жаңадан мектепке келетін оқушы саны шамаман 1000 баланы құрайтынын ескеру қажет.



«Әзірге орын тапшылығы азаймайды, бірақ бұл мәселені әзірленіп жатқан 2022-2024 жылдарға арналған Алматы қаласын дамыту жоспары арқылы шешуге күш-жігерімізді саламыз», - деді қала әкімі.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37