Алмалы ауданында жаңа мектеп салынады

Алмалы ауданында жаңа мектеп салынады
Сурет: Baq.kz

Осыған қарамастан, тапшылықты одан әрі азайту үшін мектептер мен қосымша ғимараттар салу бойынша жоспарлы жұмыс іске асырылуда.

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Алмалы ауданы тұрғындарымен өткен кездесуінде мәлім болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Алмалы ауданында 2024 жылдың IV-ші тоқсанында құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтай отырып, Райымбек даңғылы Әуезов көшесінің қиылысында 1,5 мың орындық жаңа мектеп салынады.

Сондай-ақ әкімдік №16 мектепке 300 орындық қосымша құрылыс салуға және №58 мектепке спорт және акт залдарын салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуде, осы жылдың IV-ші тоқсанында сараптамасы шығады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастаудың болжамды мерзімі - 2024 жылғы сәуір айы (конкурстық рәсімдерді ескере отырып).

2024 жылдың I-ші тоқсанында Жароков көшесіндегі №134 және 135 мектеп ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізе отырып, сейсмикалық күшейту бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысы дайын болады деп күтілуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастаудың болжамды мерзімі - 2024 жылғы мамыр айы.

№134 мектеп ғимаратының жартысында (Жароков көшесі, 24 үй) басқа заңды мекенжайы бар №135 мектеп (Клочков көшесі, 49 үй) орналасқан. Мектептерді кедергісіз жобалау мен біріктіруді қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы  26 шілдедегі №3/410 қаулысымен № 135 мектеп ғимараты №134 мектеп ғимаратының коммуналдық меншігіне берілді.

Биылғы жылдың қараша айында №136 мектеп-гимназияны күрделі жөндей отырып сейсмикалық күшейту бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын (конкурстық рәсімдерден кейін) бастау жоспарланған. Жұмыстар 2024 жылдың тамыз айында аяқталады (1 мың оқушы №124, 128 мектептерде орналастырылады).

Мектепке дейінгі білім беру саласында осы жылдың басынан бері жеке кәсіпкерлер 165 орындық 4 балабақша ашты.

Осы жылдың желтоқсан айында Мәуленов көшесі, 57 мекенжайында жалға алудан кері қайтарылған балабақша ғимаратын (жобалық қуаты – 145 орын) күрделі жөндей отырып, сейсмикалық күшейтуге жобалау-сметалық құжаттама сараптамасының қорытындысы алынады. Жұмыстарды келесі жылдың наурыз айында бастау жоспарлануда (конкурстық рәсімдер өткізілгеннен кейін).

Сондай-ақ, №20 және 10 балабақшаларды реконструкциялау жоспарланып отыр. 

Анықтама үшін: № 20 балабашқа – мемлекеттік сараптамасы осы жылдың  соңы, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы - 2024 жылғы наурыз; № 10 балабақша мемлекеттік сараптамасы - I тоқсан, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы - 2024 жылғы маусым.

Реконструкциялау балабақшалардың қуатын арттырусыз жоспарланған. Ғимараттарды реконструкциялау шеңберінде – аумақты абаттандыру, үй-жайларды қайта жоспарлау, күрделі жөндеу, тірек конструкцияларын күшейту, инженерлік желілерді ауыстыру көзделген.

Мерзімдердің өзгеру себептері:

  1. Мәуленов көшесіндегі балабақша бойынша: сараптамадан өту кезінде жоспарлау шешімдерінің өзгеруіне байланысты шарт бұзылды. Жоба 2023 жылдың 10 қыркүйегіне дейін сараптама порталына қайта жүктеледі. Қорытындының болжамды шығуы - 2023 жылғы желтоқсан айы.
  2. №10 балабақша бойынша: шілде айының басында Құрылыс басқармасы шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін «BS Archi Group» ЖШС жобалау ұйымымен шартты біржақты тәртіппен бұзды. Осыдан кейін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс қайта жарияланды. Жобалаудың басталуы- 2023 жылғы қыркүйек айы. Мемлекеттік сараптаманы ала отырып, жобалаудың аяқталуы - 2024 жылғы наурыз айы.

Сондай-ақ осы жылдың наурыз айында Тастақ шағын ауданындағы бұрынғы балабақша ғимараты Алмалы ауданына қайтарылды және қала әкімдігі осы жылдың шілде айынан бастап қолданыстағы құрылыстарды бұза отырып, 300 орындық балабақша салуға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуде (сараптаманың шығуы - 2024 жылдың I тоқсаны).

Қазан айында № 43 бөбекжай-балабақша ғимаратын реконструкциялауға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталады (сараптаманың шығуы - 2024 жылғы III тоқсан). Сондай-ақ биыл аудандық әкімдік 4 балабақшаға (№ 9,14,93, 182) ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізеді

3 жастан 6 жасқа дейінгі тапшылық 2 110 баланы құрайды.