Алмалы ауданында инвестициялар көлемі 331 млрд теңгеге өсті

Алмалы ауданында инвестициялар көлемі 331 млрд теңгеге өсті
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

2023 жылдың қорытындысы бойынша Алмалы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері оң динамиканы көрсетіп отыр. Бұл туралы Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Инвестициялар көлемі 2,1 есеге 331 млрд теңгеге дейін өсті (НКИ – 213,4%), жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 14,4%-ға өсті (2022 жылы – 50 465, 2023 жылы – 57 722), өнеркәсіп өндірісінің өсуі 200 млрд теңгеге дейін 3,0%-ды құрады (2022 жылы – 175,8 млрд. теңге). 12 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды. Өкілеттіктерді орталықтандандыру аясында Алмалы ауданының бюджеті 3,6 есеге 5,5 млрд теңгеден 19,7 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды (2024 жыл – 21,3 млрд теңге).