Алмалы ауданы комьюнити орталығында «Әлеуметтік жобалар» көрмесі өтті

Алмалы ауданы комьюнити орталығында «Әлеуметтік жобалар» көрмесі өтті
almaty-akshamy.kz

Ағымдағы жылдың 20 ақпан күні Алмалы ауданы комьюнити орталығында «Әлеуметтік жобалар» көрмесі өтті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Көрмеге әртүрлі саладағы қаламызда сәтті жүзеге асырылып келе жатқан  әлеуметтік маңызы бар 15 жоба ұсынылды. Атап айтқанда «Alpha volunteers»  еріктілерінің тілдер паркі, «QAMQOR CHARITY ҚҚ-ның әлеуметтік шеберханасы, «Тепло» қайырымдылық жобасы, «ITeachMe» құзыреттілікті дамыту орталығы, «Teenergizer.qz»  әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу жобасы және т.б бар. Сонымен қатар, іс-шарада қаланың демалыс орталықтарынан қолөнер көрмесі ұйымдастырылған болатын.

Әртүрлі ұйым өкілдері өздерін таныстыра отырып, қызығушылық танытқан қонақтарды өз жобаларына шақырды. Көрмеге қала тұрғындары, жастар, сондай-ақ оқушылар да қатысты.

– Осындай көрмелер арқылы қоғамға пайдасын тигізіп жүрген әлеуметтік маңызы бар жобаларды жастар арасында  кеңінен насихаттағымыз келді. Бұның ішінде волонтерлік, әлеуметтік жобалар бар. Өйткені осы көрмеге ұсынылған қатысуышлардың барлығы біздің қоғамда үлкен ігі іс атқарып жүрген жандар, - дейді ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, аталмыш көрме алдағы уақытта қаламыздың басқа аудандарында жалғасын таппақ.