«Алмагүл» электр подстанциясы іске қосылды

«Алмагүл» электр подстанциясы іске қосылды
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Алмагүл, «Орбита» және «Қазақфильм» шағын ауданының 200 мың тұрғындарын электрмен қамту үшін, 2023 жылдың тамыз айында «Алмагүл» электр подстанциясы іске қосылғанын мәлім етті мегаполис әкімі Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуінде.

Өткен жылы 6,7 шақырым әуе электр желісіне, 38 шақырым кабельді электр желісіне, 17 трансформатор подстанциясы мен 3 тарату пунктіне күрделі жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар, 59 шақырым әуе электр желісі, 130 трансформатор подстанциясы мен 3 тарату пункті ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Осы жылы Ерменсай және Ремизовка шағын аудандарында 16 шақырым электр желілерін қайта жаңарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, инвестициялық жоба шеңберінде 50 шақырым электр энергиясының кабельдік желілерін, 13 трансформатор подстанциясы мен 3 тарату пунктін жаңғырту жоспарлануда. Қосымша 91 шақырым әуе электр желісі мен 105 трансформатор подстанциясын ағымдағы жөндеуді жүзеге асырамыз, -деді қала әкімі Е.Досаев.