«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт жаңа мектеп салынады

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт жаңа мектеп салынады
almaty-akshamy.kz

Сапалы әлеуметтік инфрақұрылым қалыптастыру ерекше назарда, деді қала әкімі аудан тұрғындарымен кездесуде.

Оқушы орындарының тапшылығын  азайту үшін 2023 жылы №65 мектепке 300 оқушыға арналған және №9 арнайы түзету мектеп-интернатына 120 орындық қосымша құрылыс салу аяқталды. Өткен жылдың желтоқсан айында   №145 гимназия күрделі жөндеуден кейін пайдалануға берілді.

  • №10, №70 мектептер мен №138 гимназиядағы күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жұмыстар жаңа оқу жылы басталғанға дейін аяқталады.
  • 2024 жылдың екінші тоқсанында 450 орындық жаңа корпусын сала отырып, №73 мектепті сейсмикалық күшейту жоспарланып отыр.
  • «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Егізбаев көшесінің бойында 2500 орындық, Розыбакиев көшесінің бойында 1500 орындық, Қожабеков көшесінің бойында 2000 орындық 3 жаңа мектептің құрылысы жалғасуда, жұмыстары 2024 жылдың соңында аяқталады.
  • Сонымен қатар, «РАМС Сити» тұрғын үй кешенінің аумағында жаңа оқу жылы басталғанға дейін  1100 орындық мектептің құрылысы аяқталады.