Алматыда Д.Қонавты еске алу марафоны өтті

Алматыда Д.Қонавты еске алу марафоны өтті

Қонаев бағыты бойынша марафондық жүгіру бүгін, 18 желтоқсанда, өтті. Жүгіру салауатты өмір салтын насихаттау, адамдардың күнделікті өміріне денсаулық пен спорт негіздерін енгізу мақсатында ұйымдастырылды.  

Жарыс Алматыда Дінмұхамед Қонаевтың бюстінің жанынан бастау алды.
- Бүгін біз Алматы-Қонаев марафонын өткізіп жатырмыз. Алматы қаласының әкімдігіне, Алматы облысының, Қонаев қаласының әкімдігіне, жүгіруді ұйымдастырушыларға, сондай-ақ "Алматы" марафон клубының спортшыларына алғысымды білдіргім келеді. Биыл Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығына орай біз көптеген өңірлерде, Таразда, Түркістанда, Шымкентте, Қонаев қаласында көптеген іс-шаралар өткіздік. Онлайн іс-шаралар да өтті, - деп атап өтті халықаралық Д.А.Қонаев атындағы қордың вице-президенті Болат Қожыақбар.
Спортшылар Бөгенбай батыр көшесімен 100 метрге жүгіріп өтіп, автобусқа отырды. Марафон Алматы шекарасынан Қонаев қаласына дейін жалғасты. Оның ұзындығы 75 шақырымды құрады.


- Біз, 15 адамнан тұратын команда, бір- бірімізді алмастыра отырып, Алматы қаласының шекарасынан Қонаев қаласының шекарасына дейін жүгіріп өтеміз. Содан кейін спортшылар араласып, колоннамен бірге Қонаев қаласында марафон аяқталады. Біз - бәріміз әуесқой-марафоншы спортшылармыз. Осындай жарыстарға белсене қатысамыз, - деп бөлісті команда капитаны Қайырболат Егеубаев.
Марафонға қатысушылардың ең жасы 14 жаста, ал ең үлкені — 83 жаста.