Алыптардың ізі қалған көше

Алыптардың ізі қалған көше
Сурет: Aшық дереккөздерден

АБЫЛАЙ ХАН ДАҢҒЫЛЫ

Абылай хан даңғылы – Алматы қаласындағы орталық көшелердің бірі. Даңғыл қаланың Жетісу және Алмалы аудандарының аумағында орналасқан. Ол солтүстіктен оңтүстікке қарай Алматы-2 теміржол бекетінен басталып, Абай даңғылында орналасқан Ұлттық кітапхана ғимаратына барып тіреледі. Даңғылдың ұзындығы – 4200 метр.

Бұрынғы атауы Вокзал, Сталин және Старокладбищенская, кейінірек Коммунистическая аталған көшеге 23.10.1991 күні Алматы қаласы әкімінің № 15/398 шешімімен қазақтың ұлы ханы, мемлекет қайраткері Абылай ханның есімі берілген. Даңғыл екі бағытты жол санатында.

Даңғыл 1935-37 жылдары көшенің батыс жағында үш халық комиссариатының ғимараты салынған кезден пайда бола бастады. Алматы қаласы астана болған кезеңде даңғыл бойында ҚазССР Үкімет үйі, Қазақстан КП Алматы обкомы, Халық депутаттары Советінің облыстық және қалалық атқару комитеттері, Денсаулық сақтау, Ет және сүт өнеркәсібі, Сауда, Қаржы Ауылшаруашылық министрліктері, Қазақстан Жазушылар одағы, ҚазТАГ, ҚазССР халықтық бақылау комитеті, Орыс драма театры, Алматы рестораны, Астаналық гастрономы орналасқан болатын.

 

ДАҢҒЫЛМЕН ҚИЫЛЫСАТЫН КӨШЕЛЕР:

Райымбек даңғылы,

М.Мәметова,

М.Мақатаев,

Жібек Жолы,

Әйтеке би,

Қазыбек би,

Төле би,

Бөгенбай батыр,

Қарасай батыр,

Қабанбай батыр,

Жамбыл,

Шевченко,

Құрманғазы,

Абай даңғылы.

 

ДАҢҒЫЛ БОЙЫНДАҒЫ ЕСКЕРТКІШТЕР:

Абылай хан ескерткіші.

С.Д. Луганский бюсті.

Амангелді Иманов ескерткіші.

Ғабит Мүсірепов бюсті.


ДАҢҒЫЛ БОЙЫМЕН ҚАТЫНАЙТЫН ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР:

Автобустар: 4, 7, 10, 11, 12, 13, 17, 50, 54, 59, 69, 92, 99, 100, 119, 129, 133, 141, 208.

Троллейбустар: 5, 6.

 

ДАҢҒЫЛ БОЙЫНДА ОРНАЛАСҚАН КӨРНЕКІ ҒИМАРАТТАР:

Алматы 2 вокзалы

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры.

Қазақстан-Ресей медицина университеті,

Орталық әмбебап дүкен.

«Аманат» партиясының қалалық кеңсесі.

Алмалы аудандық әкімдігі.

«Қазақконцерт» бірлестігі.

Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаменті.

Қазақ ССР Жоғары кеңесінің ғимараты, қазіргі Қазақ-британ техникалық университеті.

«Балалар әлемі» дүкені

Қазақстан Жазушылар Одағының үйі.

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы.

«Столичный» дүкені.

«Тюбетейка» шайханасы.

«Алтын алма» бизнес орталығы.

Ю.Лермонтов атындағы орыс драма театры.