Алғыс пен ән айтылған мейрам

Алғыс пен ән айтылған мейрам
Сурет: Самат Құсайынов

Алатау театрында алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт өтті

Алматы әкімі ұйымдастырған мерекелік іс-шара Алатау театрында болды. Оған Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, қоғам және мәдениет қайраткерлері, Алматы қаласының ҚХА мүшелері, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Мерекелік кеште Роза Рымбаева, Мейрамбек Беспаев, “Музарт” тобы және өзге де қазақ эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетті.

- 1 наурыз алғыс айту күні. Бұл күні Қазақстанға 130 жуық ұлт алғыс айтады. Бұл мерекенің мәнін еліміздің біртұтастығын көрсетіп, бірлік пен ынтымаққа шақыратын күн деп түсінемін. Жақында тоғызқұмалақтан жарыс өткіздік. Оған қаланың жан-жағынан келген балалар қатысып, 1 қазақ жігіт, 1 қырғыз қыз, 1 ұйғыр қыз бірінші орынға ие болды.  Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының төрағасы ретінде қазақ халқына мың алғыс айтамын, - деді Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының төрағасы Долкунтай Абдухалил.