Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алда жаймашуақ күндер күтіп тұр.

Қазгидромет синоптиктері 5-7 қазан аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Таяу күндері Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс өңір тұрғындарын жауын-шашынсыз жылы ауа райы күтеді.

Күндізгі уақытта еліміздің солтүстігінде 15-23 градусқа дейін жылынады, оңтүстікте 20-28 жылы күн райы сақталады.

Республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа райының тұрақсыз сипаты болады.

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады.

Еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін үсік жүреді.